Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа ластануы мүмкін
Осыған байланысты мамандар тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуға, әсіресе автожолдар маңында ұзақ жүрмеуге кеңес береді.
«Қазгидромет» бүгін, 10 қарашада еліміздің төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін ескертті.
Синоптиктердің болжамынша, күндіз Ақтөбе, Атырау және Қостанай қалаларында, ал түнде Көкшетауда атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия салдарынан зиянды заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналады. Бұл ауа сапасының нашарлауына әсер етуі мүмкін.
Осыған байланысты мамандар тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуға, әсіресе автожолдар маңында ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Сондай-ақ дене белсенділігін шектеп, балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тарту ұсынылады. Созылмалы тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар азаматтарға қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүру ескертілді.