10 Тамыз 2026, 08:53 Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде ашық ауада ұзақ серуендеуден бас тартуға кеңес береді.

Бүгін, 10 тамызда Қазақстанның сегіз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, күндіз Алматы мен Жезқазғанда, ал түнде Астана, Атырау, Қарағанды, Семей, Теміртау және Өскеменде қолайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде ауа құрамындағы зиянды заттардың шоғырлануы артып, елді мекендердегі ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Мамандар тұрғындарға ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерде ұзақ болмауға және сырттағы физикалық белсенділікті шектеуге кеңес береді. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тарту ұсынылады.