Бүгін еліміздің қай қалаларында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 5 қарашада Қазақстанның екі қаласында – Атырау мен Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, мұндай құбылыстар кезінде атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттар шоғырланып, ауа сапасы төмендейді. Бұған тыныштық, әлсіз жел, тұман немесе инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар әсер етеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде (ҚМЖ) елді мекендердегі ауа сапасының нашарлауы тұрғындардың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.
Синоптиктер азаматтарға ауа райы болжамын қадағалап, қажет болған жағдайда сыртқа шығу уақытын шектеуді ұсынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы