29 Қазан 2025 2025, 08:13
Фото: istockphoto.com
Бүгін еліміздің он бір қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 29 қазанда Қазақстанның бірқатар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін, 29 қазанда Қазақстанның бірқатар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күндіз ауа сапасы Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы және Астана қалаларында нашарлауы мүмкін. Ал түнде Атырау, Көкшетау және Петропавлда осындай жағдай қалыптасады.
Мамандардың түсіндіруінше, мұндай метеожағдайлар – тыныш ауа райы, әлсіз жел, тұман немесе инверсия сияқты факторлардың әсерінен атмосферада зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді.