Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мұндай жағдайда тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқарту, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеу ұсынылады.
Бүгін, 6 қазанда Алматыда, ал түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Мамандардың мәліметінше, қолайсыз метеожағдайлар кезінде әлсіз жел, тұман, инверсия сияқты факторлар әсерінен атмосфераның жерге жақын қабатында ластаушы заттар жиналуы мүмкін. Бұл ауа сапасының уақытша нашарлауына әкелуі ықтимал.
Мұндай жағдайда тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқарту, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеу ұсынылады. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тартқан жөн.
Созылмалы тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады. Сондай-ақ ашық ауадағы физикалық белсенділікті шектеп, спортпен жабық ғимараттарда айналысқан дұрыс.