18 Тамыз 2026, 08:10 Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер мұндай кезде ашық ауада ұзақ серуендеуден бас тартуға кеңес береді.

Бүгін, 18 тамызда Алматыда және түнгі уақытта Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

ҚМЖ кезінде атмосфераның төменгі қабатында ластаушы заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Синоптиктер мұндай жағдайда тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуды, жолдар мен ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеуді, ашық ауадағы физикалық белсенділікті шектеуді ұсынады.