Бүгiн 2026, 08:32
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктердің айтуынша, бұл құбылыс тұрғындардың денсаулығына кері ықпал етуі ықтимал.
Бүгін, 17 сәуірде Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мамандардың мәліметінше, мұндай жағдайларда атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Бұған желдің әлсіздігі, тұман және ауа инверсиясы сияқты факторлар әсер етеді.
Синоптиктердің айтуынша, бұл құбылыс тұрғындардың денсаулығына кері ықпал етуі ықтимал.
Осыған байланысты мамандар:
- ашық ауада болу уақытын шектеуді;
- балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тартуды;
- созылмалы ауруы бар адамдарға қажетті дәрілерін бірге алып жүруді;
- дене белсенділігін азайтуды ұсынады.
Қолайсыз метеожағдайлар кезінде ауа сапасы синоптикалық жағдайларға, соның ішінде жел, жауын-шашын, ылғалдылық пен температураға тікелей байланысты болады.