Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 12 ақпанға арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, аталған күні Ақтөбе қаласында, сондай-ақ күндізгі уақытта Астана қаласында атмосфералық ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді табиғи құбылыстардың жиынтығы. Оларға тымық ауа райы, желдің әлсіздігі, тұман және температуралық инверсия жатады.
Мұндай кезеңде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, зиянды заттардың шоғырлануы артуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ – Израиль диалогы: Иран төңірегіндегі келіссөздер жалғасады
Келесі жаңалық
Референдумға қанша қаржы керек: Қаржы министрлігі түсіндірді
Өзгелердің жаңалығы