Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 14 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде метеорологиялық жағдайлар қолайлы болады. Алайда Алматы қаласында және түнгі уақытта Қостанай қаласында ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Оларға желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Мұндай жағдайларда елді мекендерде ауа сапасы төмендеп, бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Ауаның ластану деңгейіне синоптикалық жағдайлар, соның ішінде желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы әсер етеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы