30 Тамыз 2025 2025, 08:54
Фото: istockphoto.com
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 30 тамызда Ақтөбе мен Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар байқалуы мүмкін.
Бүгін, 30 тамызда Ақтөбе мен Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар байқалуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосферадағы зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайда ауа сапасы нашарлап, адамдардың денсаулығына әсер етуі мүмкін.
Синоптиктердің хабарлауынша, ауа ластану деңгейі желдің күші, жауын-шашын, ылғалдылық және температура сияқты факторларға байланысты қалыптасады.