Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 12 тамызда еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" РМК дерегінше, 12 тамызда Алматыда, ал түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Мұндай құбылыс атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әкелуі мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – әлсіз жел, тұман, инверсия сияқты қысқа мерзімді ауа райы факторларының жиынтығы, олар ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіреді. Бұл жағдай елді мекендердегі ауа сапасын төмендетіп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.
Ластану деңгейін көбіне синоптикалық жағдайлар – желдің бағыты мен күші, жауын-шашын, ауа температурасы және ылғалдылық анықтайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы