Бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 30 шілде күні еліміздің көптеген қалаларында метеорологиялық жағдайлар қолайлы болады. Алайда Ақтөбе мен Атырау қалаларында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына себеп болатын қысқа мерзімді метеожағдайлар (желдің болмауы, тұман, инверсия, әлсіз жел) жиынтығы. Мұндай жағдайлар елді мекендерде ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Ауаның ластану деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар қатарында желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы бар.

Қазіргі синоптикалық болжам бойынша, Ақтөбе мен Атырау тұрғындарына ауа сапасына мұқият болу ұсынылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы