31 Желтоқсан 2025 2025, 08:32
Фото: istockphoto.com
Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады
Бүгін, 31 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдайлар қалыптасады. Алайда Алматы қаласында, сондай-ақ түнгі уақытта Атырауда ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжануда. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің түсіндіруінше, қолайсыз метеожағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлар. Оларға желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Мұндай жағдайда елді мекендерде ауа сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Ауаның ластану деңгейіне желдің күші, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасы сияқты синоптикалық жағдайлар әсер етеді.