Бүгін еліміздің бір қаласында ғана ауа ластанады
Бүгін, 1 қарашада Қазақстанның бір ғана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алып, ауа сапасының нашарлауы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, Атырау қаласында түнде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Қолайсыз метеожағдайлар атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етеді. Мұндай кезде тыныштық, әлсіз жел, тұман немесе инверсия сияқты қысқа мерзімді метеофакторлар атмосфералық ауа сапасының төмендеуіне және тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Ауа ластану деңгейін анықтайтын негізгі факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы: жел бағыты мен күші, жауын-шашын мөлшері, ылғалдылық және ауа температурасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы