12 Қараша 2026, 08:54 Фото: depositphotos.com

Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай күндері ашық ауада ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерлерде болуды шектеуге кеңес береді.

Бүгін, 12 қарашада Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

Синоптиктердің болжамынша, Павлодар, Жезқазған, Ақтөбе және Астанада қолайсыз жағдайлар тәулік бойы, ал Алматыда күндізгі уақытта болжанады.

ҚМЖ кезінде тынық ауа, әлсіз жел, тұман мен температуралық инверсия салдарынан атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттар жиналуы мүмкін. Бұл ауа сапасының нашарлауына және адам денсаулығына кері әсер етуіне әкеледі.

Мамандар мұндай күндері ашық ауада ұзақ жүрмеуге, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерлерде болуды шектеуге кеңес береді. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тартқан жөн. Созылмалы тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.

Сондай-ақ ашық ауадағы дене жаттығулары мен спорттық белсенділікті шектеп, мүмкіндігінше жабық спорт кешендерін пайдаланған дұрыс.