26 Тамыз 2026, 08:35 Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде тұрғындарға ашық ауада, әсіресе көлік көп жүретін жолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ болмауға кеңес береді.

Бүгін, 26 тамызда Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанды. «Қазгидромет» мәліметінше, мұндай жағдай Қарағанды, Жезқазған, Теміртау және Алматыда, сондай-ақ түнгі уақытта Астанада күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде желдің әлсіз болуы, тұман мен температуралық инверсия салдарынан атмосфераның төменгі қабатында ластаушы заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Мамандар мұндай кезде тұрғындарға ашық ауада, әсіресе көлік көп жүретін жолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ болмауға кеңес береді. Сондай-ақ даладағы қарқынды дене белсенділігін шектеген жөн.

Балаларға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға сақтық шараларын күшейту ұсынылады.