18 Шілде 2026, 08:32 Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде ұзақ серуендеуден бас тартуға шақырады.

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 18 шілдеге арналған ауа сапасы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Алматы қаласында, сондай-ақ түнгі уақытта Астана, Петропавл, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Оған тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Осындай кезеңде аталған қалаларда атмосфералық ауаның сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.