Бүгiн 2026, 08:32 Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде ұзақ серуеннен бас тартуға шақырады.

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 1 маусымға арналған ауа сапасы болжамын жариялап, еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, Өскемен, Семей, Риддер және Алматы қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Ақтөбеде атмосфералық ауаның ластануына қолайлы жағдай қалыптасуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – ауа қабатының төменгі бөлігінде зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін табиғи құбылыстар жиынтығы. Оларға тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мамандар мұндай кезеңде атмосфералық ауаның сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан әсіресе балаларға, қарттарға және тыныс алу жүйесі аурулары бар адамдарға сақтық шараларын сақтау ұсынылады.