Бүгiн 2026, 08:32
Фото: BAQ.KZ архиві
Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар мұндай кезеңде ауа сапасының нашарлауы тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екенін ескертеді.
Бүгін, 14 мамырда Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, ауаның ластануына ықпал ететін жағдайлар Алматы қаласында, сондай-ақ түнгі уақытта Астана, Жезқазған, Қарағанды және Теміртауда болжанып отыр.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін табиғи факторлардың жиынтығы. Оған желдің әлсіздігі, тұман және ауа инверсиясы жатады.
Мамандар мұндай кезеңде ауа сапасының нашарлауы тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екенін ескертеді.