Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар тұрғындарды денсаулыққа бейжай қарамай, ауа сапасы нашарлаған күндері сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.
Бүгін, 4 мамырда, еліміздің бірқатар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Астана, Қарағанды, Павлодар, Теміртау қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Жезқазған қаласында қолайсыз метеорологиялы жағдайлар әсерінен ауа сапасы нашарлайды.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін табиғи факторлар жиынтығы. Оған желдің әлсіз болуы, тұман, ауа температурасының инверсиясы секілді құбылыстар әсер етеді. Осындай кезеңде ауа сапасы төмендеп, бұл тұрғындардың денсаулығына кері ықпал етуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, ластану деңгейі көбіне желдің бағыты мен жылдамдығына, жауын-шашынға, ылғалдылық пен ауа температурасына байланысты қалыптасады.
Мамандар тұрғындарды денсаулыққа бейжай қарамай, ауа сапасы нашарлаған күндері сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.