Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 23 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай болжанса, бес қалада ауа сапасының нашарлау қаупі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің дерегінше, қолайсыз метеожағдайлар Атырау, Ақтөбе, Ақтау қалаларында, сондай-ақ түнде Қарағанды мен Теміртауда күтіледі.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың (әлсіз жел, тұман, инверсия, тыныштық) жиынтығы. Мұндай кезде елді мекендерде ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына әсер етуі мүмкін.
Сарапшылардың айтуынша, ластану деңгейін болжауда ең басты рөлді синоптикалық жағдай атқарады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы