17 Қыркүйек 2025 2025, 08:11 Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

"Қазгидромет" РМК бүгінге, 17 қыркүйекке арналған ауа сапасы болжамын жариялады.

"Қазгидромет" РМК бүгінге, 17 қыркүйекке арналған ауа сапасы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, Өскемен, Балқаш, Ақтөбе, Орал және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай кезде елді мекендердегі ауа сапасы төмендеуі мүмкін.