Бүгін еліміздің бес қаласында ауа ластанады
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 2 қаңтарға арналған ауа сапасы бойынша болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство мәліметінше, Өскемен, Семей, Риддер, Алматы және Астана қалаларында ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Мұндай жағдайлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін метеофакторлардың жиынтығымен байланысты. Олардың қатарына тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Осыған байланысты аталған қалаларда ауа сапасының нашарлауы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін ел аумағының барлығында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бразилияның бұрынғы президенті түрмеге қайта жеткізілді
Келесі жаңалық
Германия тұрғындары баспанасыздарға рекордтық көмек көрсетті
Өзгелердің жаңалығы