Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 сәуірде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Еліміздің оңтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл болжанады. Республиканың батыс аудандарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Барлық өңірде желдің күшеюі байқалады.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында – найзағай, дауыл, солтүстігі мен батысында шаңды дауыл күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында желдің екпіні 25 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с күшейеді.
Павлодар облысының оңтүстігінде желдің жылдамдығы 18 м/с артады.
Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, Маңғыстау облысының батысында, орталығында, Ақмола, Қостанай облыстарының түнде оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстік-батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, жел 17-22 м/с артады. Алакөл көлдерінің ауданында екпіні 25 м/с күшейеді.
Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.