Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

«Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 23-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпорын таратқан ақпаратқа қарағанда, Қара теңіз аудандарынан шыққан циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалымен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз болады.

Елде жел күшейіп, батыста, солтүстікте, орталықта найзағай ойнайды, шығыста тұман түсіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Түнде Жетісу облысының орталығында 3 градус аяз сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: The Stranger
Өзгелердің жаңалығы