Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, үсік жүреді
«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірнеше өңірі бойынша ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кәсіпорын болжамы бойынша, 3 сәуірде таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік жүреді. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың таулы аудандарында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Шымкентте 3 сәуірде кей уақытта найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістанда 3 сәуірде кей уақытта найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
3 сәуірде Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді, екпіні 25 м/с. Түнде 1-6 градус үсік жүреді.
Алматыда 3 сәуірде түнде 1-3 градус үсік жүреді. Қонаевта 3 сәуірде түнде 2-4 градус үсік болады.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Түнде 2-7 градус үсік жүреді.
Талдықорғанда 3 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 17-22 м/с. Түнде 4-6 градус үсік жүреді.
3 сәуірде Ақтөбе облысының орталығында, шығысында шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.
3 сәуірде түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман түседі.
Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі.
Ұлытау облысында шығыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с-ке жетеді.
Жезқазғанда 3 сәуірде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
3 сәуірде Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан соғады, күші 15-20 м/с, облыстың орталығында екпіні 23 м/с.
Қызылордада 3 сәуірде шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан соғады, күші 15-20 м/с.
3 сәуірде Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с, кей уақытта екпіні 23 м/с болады.
3-4 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
2-3 сәуірде түнде 1-6 градус үсік, 4 сәуірде 2 градус үсік жүреді.
Таразда 2-4 сәуір аралығында кей уақытта тұман түседі. 2-3 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с болады. 2-3 сәуірде түнде 1-3 градус үсік жүреді.