Бүгін еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
1 тамызда Астана мен Қазақстанның 15 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Астанада өрт қаупі жоғары.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында күндіз солтүстік-батыстан 15 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Күндіз облыстың оңтүстігінде аптап ыстық болады: +35 градус. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысының орталығында, батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстіктен оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Өңірдің басым бөлігінде қатты ыстық болады: +35...+39 градус. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі, сынап бағаны +36 градусқа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының орталығында, батысында, солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде қатты ыстық болады: +37 градус. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Күн күркіреген кезде шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде сынап бағаны 36 градусқа дейін көтеріліп, күн қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда таңертең және түстен кейін найзағай ойнайды деп күтіледі. Найзағай кезінде батысқа шығыстан ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз қатты ыстық болады: +35 градус. Облыстың көп бөлігінде өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз найзағай ойнайды деп болжанады. Өрт қаупі жоғары.
Түнде Абай облысының орталығында, күндіз батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық болады: +35 градус, облыстың оңтүстігінде: + 38 градус. 1 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде төтенше өрт қаупі сақталады.
Таңертең және түстен кейін Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық болады: +36 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Таңертең және түстен кейін Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Таңертең және түстен кейін облыстың орталығында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз аптап ыстық болады: +40...+43. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз найзағай ойнайды деп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыс орталығында да аптап ыстық болады: +40...+42 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық болады: +38...+40 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда төтенше өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады: +35...+37 градус. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз қатты ыстық болады деп болжанады: +35 градус.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының тау асуларында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте күндіз аптап ыстық: +40 градус болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз қатты ыстық болады: +40...+42 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады: +38...+40 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз қатты ыстық болады: +38...+40 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Өрт қаупі жоғары. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Өрт қаупі жоғары.