8 Қараша 2026, 08:11
Фото: depositphotos.com
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Осыған байланысты мамандар тұрғындарға ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, әсіресе автожолдар маңында серуендеуді шектеуге кеңес береді.
«Қазгидромет» бүгін, 8 қарашада Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтілетінін ескертті.
Күндіз Павлодар, Алматы және Талдықорған қалаларында, ал түнде Ақтөбе, Астана және Көкшетауда атмосфералық ауаның ластану деңгейі артуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде желсіздік, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия салдарынан зиянды заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналады.
Осыған байланысты мамандар тұрғындарға ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, әсіресе автожолдар маңында серуендеуді шектеуге кеңес береді. Сондай-ақ физикалық белсенділікті азайтып, балаларға, жүкті әйелдерге және созылмалы аурулары бар адамдарға сақтық шараларын ұстану ұсынылады.