7 Тамыз 2026, 08:10 Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды

Осыған байланысты тұрғындарға, әсіресе балаларға, қарттарға және тыныс алу жүйесі аурулары бар азаматтарға ұзақ уақыт ашық ауада болмауға кеңес беріледі.

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 7 тамызға арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Ақтөбе, Алматы, Атырау, Астана қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Қарағанды мен Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай жағдайда елді мекендерде ауа сапасы нашарлап, ластаушы заттардың мөлшері артуы мүмкін. Осыған байланысты тұрғындарға, әсіресе балаларға, қарттарға және тыныс алу жүйесі аурулары бар азаматтарға ұзақ уақыт ашық ауада болмауға кеңес беріледі.