26 Тамыз 2025 2025, 08:11 Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 26 тамызда Қазақстанның бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр.

Бүгін, 26 тамызда Қазақстанның бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің дерегінше, Ақтөбе, Алматы, Жезқазған, Шымкент қалаларында, сондай-ақ түнде Астана мен Атырауда ауа сапасы төмендеуі мүмкін.

Қолайсыз метеожағдайлар – әлсіз жел, тұман немесе инверсия кезінде зиянды заттардың ауада жиналуына әкелетін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мұндай құбылыс халықтың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.