Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 25 тамыз күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжануда. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің дерегіне сәйкес, Балқаш, Ақтөбе, Талдықорған, Алматы, Астана қалаларында және түнде Атырауда ауа сапасының нашарлауы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауада зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді құбылыстар. Оған тыныштық, әлсіз жел, тұман және инверсия секілді факторлар әсер етеді. Мұндай кезде елді мекендерде ауа ластануы артып, тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізуі ықтимал.
Мамандардың айтуынша, ауаның ластану деңгейі көбіне желдің бағыты мен жылдамдығына, жауын-шашынға, ылғалдылық пен ауа температурасына байланысты қалыптасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы