29 Қыркүйек 2026, 08:11 Фото: pexels

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа ластанады

Мұндай кезде мамандар ашық ауада болу уақытын қысқартуды, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеуді ұсынады.

Бүгін, 29 қыркүйекте Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті.

Синоптиктердің болжамынша, Алматы, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Петропавл және Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар әсерінен ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін әлсіз жел, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Мұндай кезде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

«Қазгидромет» мәліметінше, атмосфералық ауаның ластану деңгейіне желдің күші, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы сияқты факторлар әсер етеді.

Мұндай кезде мамандар ашық ауада болу уақытын қысқартуды, әсіресе көлік жолдары мен ластану көздеріне жақын жерде ұзақ жүрмеуді ұсынады.

Спорттық жаттығуларды мүмкіндік болса, жабық спорт нысандарында өткізген жөн.