3 Қыркүйек 2026, 08:20
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа ластанады
Мамандар мұндай кезде ашық ауада ұзақ серуендеуден бас тартуға кеңес береді.
Бүгін, 3 қыркүйекте Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, Орал, Ақтөбе, Астана және Алматыда, сондай-ақ түнде Атырау мен Өскеменде ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман мен инверсия салдарынан атмосфераның төменгі қабатында ластаушы заттар шоғырлануы ықтимал.
Осыған байланысты аталған қалаларда атмосфералық ауаның сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.
Мамандар мұндай кезде ашық ауада ұзақ серуендеуден бас тартуға кеңес береді.