Бүгін еліміздің алты қаласында ауа ластанады

Бүгін, 3 ақпанда Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Аталған қалалар: Астана, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Көкшетау және Атырау. Синоптиктер ауа беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін тыныштық, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты факторлардың болатынын хабарлады. Мұндай қолайсыз метеожағдайлар кезінде атмосфералық ауа сапасы нашарлап, адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Қазгидромет тұрғындарға мына ұсыныстарды берді:

  • Ашық ауада болу уақытын қысқарту, әсіресе жолдардың немесе өнеркәсіптік ластану көздерінің маңында; балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден бас тартуы керек.
  • Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі қажет.
  • Ашық ауада физикалық белсенділікті шектеу; дене шынықтыру және спорт жаттығулары жабық спорт кешендерінде жүргізілуі тиіс.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев
Өзгелердің жаңалығы