Бүгін еліміздің алты қаласында ауа ластанады

Бүгін, 11 қаңтарда Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің дерегінше, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Алматы қалаларында күндіз, ал Астанада түнгі уақытта ауа сапасының нашарлауы болжанып отыр.

Қолайсыз метеожағдайлар – желдің әлсіздігі, тұман мен температуралық инверсия салдарынан атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуы. Мұндай жағдайда елді мекендерде ауа ластанып, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Мамандар ашық ауада ұзақ болмауға, әсіресе көлік көп жүретін аймақтардан аулақ жүруге кеңес береді. Созылмалы ауруы бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады, ал дене шынықтырумен жабық ғимараттарда айналысқан жөн.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: istockphoto.com
Өзгелердің жаңалығы