Бүгін еліміздің алты қаласында ауа ластанады

Бүгін, 20 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа сапасы төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Жезқазған, Қарағанды, Балқаш, Өскемен, Алматы және түнде Астанада тіркеледі.

Қолайсыз метеожағдайлар – зиянды заттардың ауада жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді құбылыстар (әлсіз жел, тұман, инверсия және т.б.). Мұндай кезде атмосфералық ауаның сапасы нашарлап, халықтың денсаулығына әсер ету қаупі бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы