Бүгін еліміздің 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 28 қаңтарда Астана, Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұндай жағдайда әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия салдарынан атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Мамандар ашық ауада ұзақ болмауға, әсіресе жол бойында серуендеуді шектеуге кеңес береді. Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға сақтық шараларын күшейту ұсынылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архиві
Өзгелердің жаңалығы