Бүгін еліміздің 3 қаласында ауа ластанады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның 3 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

 Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, бүгін 27 қарашада Нұр-Сұлтан, Теміртау, Өскемен қалаларында ауа сапасы төмендейді. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы