Бүгін еліміздің 12 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер бүгін, 26 қаңтарда еліміздің 12 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың қалыптасып, ауасы ластанатынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжамға сәйкес, Петропавл, Көкшетау, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Орал, Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларында, ал түнгі уақытта Астана мен Қостанайда ауа сапасы төмендеуі мүмкін.

Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — желсіздік, тұман, инверсия сияқты факторлардың әсерінен атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін құбылыс. Мұндай кезде елді мекендерде ауаның ластану деңгейі артады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы