Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 1 желтоқсанға арналған ауа сапасы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, Атырау, Ақтөбе, Орал, Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, сондай-ақ түнде Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Мамандардың түсіндіруінше, мұндай жағдайлар – тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия секілді қысқа мерзімді метеофакторлардың әсерінен атмосферада ластаушы заттардың жиналуына әкеледі.

Осыған байланысты аталған қалаларда атмосфералық ауаның сапасы төмендеуі мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: istockphoto.com
Өзгелердің жаңалығы