Бүгiн 2026, 08:11
Фото: BAQ.KZ архиві
Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Бүгін, 12 сәуірде Астана, Алматы және еліміздің тағы сегіз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, аталған күні Астана, Ақтау, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Риддер, Семей, Теміртау және Өскемен қалаларында атмосфералық ауа сапасы төмендеуі ықтимал.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – ауада зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Олардың қатарына желдің әлсіздігі, тұман және ауа температурасының инверсиясы жатады.
Мұндай кезеңде елді мекендерде ауа сапасы нашарлап, бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.