Бүгiн 2026, 08:27 Фото: BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде далада ұзақ жүрмеуге кеңес береді.

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 14 ақпанға арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер және Астана қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді факторлар жиынтығы. Оларға тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мамандар мұндай кезеңде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, ластаушы заттардың концентрациясы артуы мүмкін екенін ескертеді.