Бүгін елімізден 3 балуан сынға түседі

9 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық үш балуан сайысқа түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бүгін татамиге ерлерден Абылайхан Жұбаназар (81 келі), әйелдерден Мөлдір Нарынова мен Есмигүл Куюлова (63 келі) шығады.

Еске салсақ, ел құрамасынан Елдос Сметов (60 келі), Әбиба Абужақынова (48 келі) қола медаль алған болатын.

Ал Мағжан Шәмшадин (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Гауһар Ермағамбетова (52 келі), Cевара Нышанбаева (57 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Белдесулер 6-13 қазан күндері сағат 11:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Дүбірлі додаға еліміз атынан 17 спортшы қатысуда. Оның 9-ы ерлер, 8-і әйелдер арасында сынға түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы