Бүгін еліміздегі 27 ауылдық округте әкімдер сайланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарындағы елді мекендердің тұрғындары өз басшыларын таңдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жалпы былтыр шілде айынан бастап 1093 ауылдық округтің әкімдері сайланған. Ауыл әкімдерінің корпусы 55,6%-ке жаңартылғанын да айта кету керек. Олардың басым бөлігі осыған дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Биыл енді жыл соңына дейін тағы 214 ауыл басшысы сайланады.
Бұдан бөлек 2023 және 2024 жылдары 1037 ауылдық округтерде әкімдердің сайлауын өткізу жоспары бар. Сондай-ақ аудан әкімдерін де халық сайлайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Өзгелердің жаңалығы