19 Наурыз 2019 2019, 08:08

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 19 наурызға арналған ауа райы болжамын жасады.

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 19 наурызға арналған ауа райы болжамын жасады.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында атмосфералық фронт бөліктерінің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жауын-шашын жауады, республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, оңтүстіктің кей жерінде найзағай күтіледі.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі, Түркістан облысының кей жерінде найзағай, Қызылорда облысының кей жерінде тұман күтіледі. 

Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде кей жерде жел 15 м/с күшейеді. Маңғыстау, Алматы облыстарының кей жерінде жел 15-22 м/с күшейеді. 

Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.