Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК мамандары бүгін, 13 қазанда елдің кей өңірінде нөсер жаңбыр мен қар жауатынын және көктайғақ болып, тұман түсетінін болжады, - деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атырау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың орталығында тұман түседі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік. Облыстың орталығында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қөктайғақ, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде жоғары, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталықта төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының оңтүстігінде шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Шымкентте күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астанада түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.