4 Қараша 2026, 06:35
Фото: depositphotos.com
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде жаңбыр мен қар жауып, күндіз жаңбыр жауады.
Бүгін, 4 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде жылы ауа райы күтіледі. Ал еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.
Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде жаңбыр мен қар жауып, күндіз жаңбыр жауады. Таулы аудандарда нөсер болуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының шығысында, соның ішінде таулы жерлерде түнде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.
Сондай-ақ түнде және таңертең елдің кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыс пен оңтүстік-батыста жел күшейеді.
Жетісу облысында, Алматы және Қызылорда облыстарының солтүстігінде ауа температурасы -2...-7 градусқа дейін төмендейді.