17 Қазан 2026, 05:35
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Республика бойынша жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Бүгін, 17 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті.
Түнде Алматы, Жетісу облыстарында, Жамбыл облысының батысы мен шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде -1…-8°С аяз күтіледі.
Елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Қиыр батыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қалған өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Республика бойынша жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі.
Сонымен қатар бірнеше өңірде өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады.