Бүгін елдің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Қазақстанның жеті қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 27 қаңтарда Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Семей қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы