Бүгiн 2026, 08:11 Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін елдің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар тұрғындарға ашық ауада ұзақ болмауға кеңес береді.

Бүгін, 27 наурызда Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдай Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Петропавл және Павлодар қалаларында тіркеледі. Мұндай жағдайда желдің әлсіздігі, тұман және ауа инверсиясы салдарынан зиянды заттар ауада жиналып, оның сапасы төмендейді.

Мамандар тұрғындарға ашық ауада ұзақ болмауға, әсіресе жол бойында серуендеуді шектеуге кеңес береді. Балаларға, жүкті әйелдерге және созылмалы ауруы бар адамдарға сақтық шараларын күшейту ұсынылады. Сондай-ақ дене жүктемесін азайтып, спортпен жабық ғимараттарда айналысу қажет.